Алматы тауларынан шаңғышы өлі табылды
16-10-2023
Коронавирустың әсерінен Алматыдағы бірқатар қоғамдық көлік жүрісін тоқтатуы мүмкін, деп хабарлайды Oinet.kz сайты Stan.kz порталына сілтеме жасап.
Оның себебі, автобустарды жөндеуге қажетті Қытайдан әкелінетін қосалқы бөлешектер елге жеткізілмей жатыр. Кейбір тасымалдаушы компаниялар мәселе дер кезінде шешілмесе, қоғамдық көлік қозғалысы қиындыққа тап болады дейді.
Мегаполистегі ахуал Қытайдан алынған автобустарға қатысты. Алайда қалалық әкімдік тасымалдаушылар тарапынан алаңдаушылық туындағанын жасырмаса да, қара аспанды төндіруге негіз жоқ деген сенімде.
Әкімдік өкілінің айтуынша, қаладағы автобус парктерінде қосалқы бөлшектер кемі екі айға жетеді. Оның үстіне шенеуніктер мегаполистегі қоғамдық көліктердің 20 пайызы ғана Қытайдан сатып алынғанын айтады.
Сонымен қатар, олардың сөзінше Алматыдағы қоғамдық көліктердің 20 пайызы ғана Қытайдан сатып алынған, ал Ресей, Өзбекстан және өзге елдерден алынған автобустарға қатысты еш мәселе жоқ.
«Қазіргі уақытта Қытайда болған коронавирус жағдайына байланысты ол жақтан қосалқы саймандар кішкене кешігіп келіп жатыр. Дегенмен біздің автобус парктерінде бір жарым, екі айға жеткілікті қосалқы бөлшектер бар. Осы 16-шы наурыздан кейін тағы қосымша бөлшектермен тағы бір контейнер келеді», - деді Алматы қалалық мобильділік басқармасының бөлім басшысы Әсет Төлеуішов.