Прокуратура: «Дулат Ағаділдің денесінде зорлық-зомбылық белгілері анықталған жоқ»

Oinet.kz 26-02-2020 2336

Елорданың уақытша ұстау изоляторында көз жұмған Дулат Ағаділдің денесінде зорлық-зомбылық белгілері анықталған жоқ. Бұл туралы бүгін қалалық прокуратурадан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

maxresdefault.jpg«25 ақпан күні Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті Ағаділдің көз жұму жағдайы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Дәл сол күні барлық мән-жайды зерттеудің шынайылығын қамтамасыз ету мақсатында қылмыстық іс Нұр-Сұлтан қалалық прокуратурасының арнайы прокурорларының өндірісіне қабылданды», - деп хабарлады елорда прокуратурасынан. 

Атап өтілгендей, көз жұмған Д.Ағаділдің отбасының адвокаты берген өтініш бойынша 26 ақпан күні өздері (отбасының) шақырған жеке сот сарапшыларының (А. Ақанбеков, Р.Сатыбалдиев) қатысуымен марқұмның денесіне зерттеу жүргізілген. 

«Оның нәтижесі бойынша, жұмылдырылған мамандар Ағаділдің өліміне жүрек-қантамырының өткір жеткіліксіздігі себеп болғанын анықтады. Денесінде зорлық-зомбылықтан болатын қандай да бір жарақаттар анықталмады. Іске тартылған сарапшылар, сонымен қатар оның бауыры мен адвокаты тарапынан ескерту немесе өтініш берілген жоқ. Сот сараптамасының қорытындысы лабораториялық зерттеу нәтижесі бойынша беріледі. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда», - деп хабарлайды ведомстводан.

Сот үкімі: Асылжан Жамалбеков қылмысын абайсызда жасаған
Коронавирус індеті алты елден анықталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу