Бадамдағы әскери бөлімнен ұрланған қару-жарақтар табылды
20 ақпанда Түркістан облысы Бадам елді мекеніндегі әскери бөлімнен қару-жарақтарды алып қашып кеткен, кейіннен арнайы операция барысында ұсталған кіші сержант Абылай Балғынбайдың сыбайластары ұсталды. Бұл туралы Polisia.kz сайты хабарлады.
Сарбаздың азаматтық тұлғадағы екі сыбайласын ішкі істер министрлігі мен ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлерінен құрылған тергеу тобы құрықтаған. Ұстау барысында олардан ұрланған қару-жарақтар алынған. Қазір сот санкциясымен олар қамауға алынды. Сонымен бірге өз міндетіне салғырт қарағаны үшін жекелеген әскери қызметкерлердің жауапкершілігі де қаралуда. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.