Димаш Құдайберген әлемдік жұлдыздармен жарысып жатыр (фото)

Oinet.kz 23-02-2020 1753

Әйгілі қазақстандық әнші Димаш Құдайберген The 100 Most Beautiful нұсқасы бойынша 2020 жылғы әлемдегі ең әдемі ер адам атағына үміткерлер тізіміне енді деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі. 

Димаштың фотолары аталған конкурстың Инстаграмдағы парақшасында пайда болды. Бұл тізімде қазақстандықтардан тек Димаш қана емес, сонымен қатар Q-Pop тобындағы Рахат Масақбай, Ninety One тобындағы Азамат Ашмакын да бар. Олар дәл қазір Димашпен бір деңгейде дауыс жинап жатыр. 

Screenshot_1.jpg

Бұл байқауда Димаш әлемге танымал спортшы, әнші, актерлармен жарысып жатыр. Атап айтар болсақ, футболшы Кришиану Роналду, Дженсен Эклс, «Тақтар ойыны» сериалының жұлдызы Ричард Мэдден, ресейлік әнші Алексей Воробьев, т.б.

Осы уақытқа дейін аталған конкурста Идрис Эльба, Крис Эванс, Майкл Фассбендер, Энрике Иглесиас және Генри Кавилл сынды әлемдік жұлдыздар жеңіс тұғырынан көрінген болатын.  

Оралда екі адамды 13,5 млн теңгеге отырғызған «Гарант 24» директоры қолға түсті
Алмасбек Мамытбеков - Шымкент қаласы әкімінің орынбасары
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу