Әбдірахымовтың кезіндегі кемшіліктерді айтқан Ербол Садыр тағы да елді таңқалдырды

Oinet.kz 11-02-2020 1273

1581395214.jpeg


Шымкент қаласы әкімінің өкімімен Ербол Садыр қала әкімінің орынбасары қызметінен босатылды. 

Шымкентте әкім жаңарған соң орынбасарлар арасында ауыс-түйістердің жасалып,  көп жағдайда бұрынғы әкімнің арқа сүйеген ең сенімді кадрлары лауазымынан төмендетіліп, ықпалы азайтылып, тіпті босатылып жатушы еді. Алайда мегаполистің жаңа әкімі Мұрат Әйтеновпен бұрын-соңды қызметтестігі, тамыр-таныстығы, құда-жегжаттығы, сыныптас-курстастығы жоқ  Ербол Садыр орынбасарлықтан бірінші орынбасардың креслосына жоғарылап кетті. Бұл екінің бірінің қолынан келе бермейтін мықтылық. 

Ербол Әбілхайырұлы 1973 жылы туылған, білімі жоғары, мамандығы бойынша экономист. Уақтысында Оңтүстік Қазақстан облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы қызметін атқарған. 2013-2017  облыс әкімінің орынбасары, кейіннен жаңадан құрылған Түркістан облысы әкімінің орынбасары болған. Ербол Садыр осы жылдары төрт әкіммен шәй деспей қызмет атқарды. Былтыр тамызда ол Шымкент қаласы әкімінің орынбасары лауазымына ауысқан еді

Тағы оқи отырыңыз: 

Ербол Садыр неге екі сөйлейді?

Ерлан Айтаханов қызметіне келген соң Әбдірахымовтың кезіндегі қаржылық қитұрқылықтар, бюджеттік бұзушылықтар қозғала бастады. Оны алғаш болып айтқандардың бірі осы Ербол Садыр еді. Айтахановтың қызметінен едел-жедел кетіп қалуын кейбір сарапшылар осы қазбалаумен байланыстырады. Кім біледі, бәлкім бұл болжаммен де келісуге болатын шығар. Қанша дегенмен Әбдірахымов  қызметінен айырылса да, ықпалынан айырылмаған, артында өте үлкен күштер тұрған тұлға. Оны  Шымкенттің әкімі лауазымынан қара  есекке теріс мінгізгендей қылып, масқаралап, енді мемлекеттік қызметтің ауылын көрместей қылып алған Қырымбек Көшербаевтың өзі де Президент әкімшілігінің басшысы лаузымнан кетіп, пәлендей ықпалы жоқ мемлекеттік хатшылыққа сырғытылды. Биліктің берген кредиті таусылса да қазір Әбдірахымов Премьердің кеңесшісі лаузымын атқарып жатыр. Әбдірахымовтың кемшіліктерін тізбелемек болған Айтаханов жұмыссыз қалды. 

Ал Айтахановтың оң қолы болған Ербол Садыр тағы да екі жеп биге шығып кетті. Ербол Садыр әлі де елді таңқалдырумен келе жатыр...

Әзірге бірінші орынбасардың нақты қай салаларға жетекшілік ететіні  белгісіз.  

Қордайдағы қақтығыс. Қырғызстанға өтіп кеткен 8 мың адам елге оралды
Сапарбаев: «Министр едім, әкім болдым»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу