Мирзияевтің қызы саясатпен қош айтысты

Oinet.kz 30-01-2020 1113


image39066768_88b2130d337cc9a5b613418213e6160d.jpg

Өзбекстанда Президент әкімшілігі жанындағы ақпарат және бұқаралық коммуникация агенттігінің директоры Комил Алламжанов пен оның орынбасары Саида Мирзияева өз өтініштері бойынша қызметтерінен кетті. 

Сол күні аталған агенттіктің директоры қызметіне Дилшод Саиджанов тағайындалған.   

 Кейбір ақпарат құралдарының таратқан мәліметі бойынша 29 қаңтарда Президент әкімшілігінің басшысы  Зайнилобиддин Низомиддиновтің төрағалығымен өткен жиында Комил Алламжанов пен Саида Мирзияева қызметтерінен кетіп, жұмыстарын мемлекеттік емес секторда жалғастырғылары келетінін мәлім еткен.  Президент әкімшілігі олардың өтініштерін қанағаттандырған.  

Саида Мирзияева Өзбекстанның президенті Шавкат Мирзияевтің үлкен қызы. Ол аталған агенттік директорының орынбасары қызметіне былтыр сәуірде тағайындалған болатын. 


Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайдағы коронавирусқа қатысты шұғыл жиын өткізеді
Қытай коронавирустың қашан тоқтайтынын хабарлады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу