Елімізде қант өндірісіне қауіп төніп тұр
Қазақстанда қант өндіріс мекемелері ертеңіне алаңдап отыр. Қанттың арзандауы отандық өнімді құрдымға жіберуі мүмкін. Олардың айтуынша, егер қант өңдеуші кәсіпорындарға мемлекет қолдау жасамаса Ресей мен Беларусь елінің зауыттарына төтеп бере алмайды. Яғни бәскеге қабілетсіз. Мәселен 2010-2012 жылдары Ресейлік кәсіпкерлер Қазақстанға қантты тонналап әкеліп, нарықтағы бағаны құлдыратып жіберді. Салдарынан қазақстандық кәсіпорындар банкротқа ұшырады. Сол сәтте олар бағаны қайта көтерген. Биыл да жағдай осыған ұқсас болуы мүмкін. Статистика комитетінің мәліметтеріне қарағанда 2019-шы жылдың 10 айында отандық қант өндірушілер ішкі сұраныстың тек 46 процентін қамтыды. Ал көрші Ресей қызылшадан 6 миллион тонна қант өндірді. Яғни елде профицит. Енді олар бағаны төмендету арқылы Қазақстанның қант нарығын жаулап алуы әбден мүмкін дейді сарапшылар. Біздің елде негізінен қант шығаратын 7 зауыт бар. Бірақ әзірге тек үшеуі ғана жұмыс істейді. Қалған төртеуі қайта жаңғыртуды қажет етеді. Ал Ресейде қант шығаратын 62 кәсіпорын бар. Олар қызылшадын тәулігіне 315 жарым мың тонна қант шығара алады. Салыстыру үшін айтайық. Былтырғы 11 айда отандық қант шығарушы зауыттар 225 жарым мың тонна қант шығарған. Оның 99,8 проценті Жамбыл облысының үлесінде. Жылдық өсім 3,7 процент.
Алматы облысында жағдай керісінше. Мұнда өндіріс 3,9 процентке кемісе Алматы қаласында 23 процентке төмендеген. Әлемдегі ең ауқатты 2 мың 153 адамның байлығы планета халқының жартысынан көбінің табысынан асып кеткен. Бұл ақпаратты Oxfam халықаралық қайырымдылық ұйымының зерттеу нәтижесі көрсетті. Мәліметтерге қарағанда соңғы 10 жылда жер бетінде байлар мен кедейлер арасындағы алшақтық үлкейіп кеткен. Мәселен тұрғындар өз табысын 100 АҚШ долларына ауыстырып соның үстіне отыратын болса, планета тұрғындарының басым көршілігі еденде қалады. Ал ең бай екі адамның жиған табысы тау болып үйілуі ғажап емес. Сондай-ақ зерттеу барысында миллиардерлердің басым көпшілігі ер адамдар екені анықталған. Баяндамаға сәйкес әлемдегі ең бай 22 адамның табысы Африка құрлығындағы бүкіл әйелдің жиған тергенімен тең.
Сарапшылар бұл теңсіздікті тоқтату үшін барлық елдің үкіметтері бірігіп, әлем экономикасының жаңа нұсқасын жасау керек дейді. Әрине басты орынға ақша емес адами құндылықтарды шығару маңызды екенін алға тартады. Былтыр елімізде көтерме сауда айналымы 8,2 процентке өсіп, жалпы сомасы 26,1 триллион теңгені құрады. Оның 22 проценттейі азық-түлік тауарларының үлесінде. Ал қалғаны азық-түлік емес және өнеркәсіптік-техникалық бағыттағы заттарға тиесілі. Көтерме сауданың көп бөлігі Алматы қаласында жасалған. Үздік үштікке Нұр-Сұлтан мен Атырау облыстары да кіреді. Еліміздегі жалпы көтерме сауданың 70 проценті осы үш өңірде жасалған. Финпром мәліметтеріне қарағанда былтыр еліміздегі көтерме сауданың 84 процентін шағын кәсіпорындар жүзеге асырған. 1 қаңтардан бастап еліміздегі коммуналдық қызмет ақысы 0,56 прцентке қымбаттады. Бұл туралы табиғи манаполияларды реттеу комитеті жариялады. Әсіресе электр қуатына төленетін ақының өскені қатты байқалады.
Жаңа жылдан бері оның өсімі 5 процентке жуықтады. Қымбатшылықты Батыс Қазақстан облысының тұрғындары қатты сезінді. Себебі мұнда бірден 20 процентке көтерілген. Ал атыраулықтар жылу ақысының 15 процентке қымбаттағана назалы. Түркістанда керісінше. Жылу бір жарым процентке арзандаған. Сондай-ақ биыл ауыз су мен кәріз суына төленетін ақы азайды. Табиғи манаполияларды реттеу комитеті мамандарының айтуынша биыл республикада коммуналдық қызмет ақысын 10-15 процентке өсіру жоспарланған. Алайда дер кезінде қабылданған тиісті шешімдердің арқасында қызмет ақысы қымбаттамайтын болды.