Мемлекет басшысы студенттер шәкіртақысын көтеретінін мәлімдеді
Мемлекет басшысы Қазақстандағы жастар жылының жабылу және еріктілер жылының ашылу салтанатына қатысуда. Жиын барысында мемлекет басшысы 2020 жылы еліміздегі студенттердің стипендиясы көтерілетінін жариялады деп жазады Oinet.kz тілшісі.
Тоқаев мемлекет Қазақстанның жастарын бақытты етуге тырысып жатқанын жеткізді.
Президенттің сөзінше, қазіргі уақытта еліміздің тұрғындары әлемнің үздік университеттерінде оқып, дүниежүзіне белгілі компанияларда жұмыс істей алады.
Ол қазақстандық жастардың талантты екенін, бүгінгі таңда оларды көптеген ел мойындайтынын тілге тиек етті.
"Бәсекеге қабілетті әлемде туғаннан бастап жетістік болады деген кепілдік берілмейді, ол өз-өзімен жұмыс істеуді талап етеді. Сол себепті білім - өте маңызды. Жетістікті сақтап қалу үшін өмір бойы іздену қажет", - деді Тоқаев.
Президент 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап елімізде студенттердің шәкіртақысы 25%-ға көтерілетінін мәлімдеді.
Оларға бакалавр дәрежесіндегі студенттер, магистранттар мен докторанттар кіреді.
Сондай-ақ, Тоқаев жиын кезінде қазақстандық жастардың ең дарынды өкілдерін медальдармен марапаттады.