Баталов Қапшағайдың әкіміне қатаң сөгіс жариялады

Oinet.kz 13-11-2019 1043

Алматы облысының әкімі Амандық Баталов жиналыс өткізіп, онда бюджет қаражатын игеру және мақсатты индикаторларға қол жеткізу мәселелері талқыланды. Жиын кезінде аймақ басшысы қоластындағы кейбір шенеуніктерге қатаң сөгіс жариялады. Олардың қатарында Қапшағай әкімі де болды деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Баталов.jpg

Фотода Алматы облысының әкімі Амандық Баталов

Жиын барысында 10 ай ішінде атқарылған жұмыс қорытындылары мен бюджет қаражатын игеру деңгейі зерттелді. Кейбір шенеуніктердің бөлінген ақшаны игермегені анықталды.

Аймақ басшысы ақшаның басым бөлігі құрылыс саласында игерілмей жатқанын жеткізді. Мысал ретінде ол 741 млн теңгені әлі күнге дейін игере алмай жатқан Қапшағай қаласын атап көрсетті. Аталған соманың 517 млн теңгесі республика бюджетінен қаланы дамыту үшін бөлінген.

Баталовтың айтуынша, бұл ақша көппәтерлі үйлердің құрылысына жұмсалуы керек болған. Алайда, мердігерлер өте баяу жұмыс жасауда, соның кесірінен нысанды тапсыру мерзімі сақталмауы мүмкін.

Қапшағай әкімі.jpg

Фотода Қапшағай қаласының әкімі Талғат Қайнарбеков

Облыс әкімі мұндай мәселе орын алған жағдайда қала басшысы, облыстық құрылыс басқармасының басшысы және оның бірінші орынбасары кінәлі болатынын мәлімдеді. Осыған орай Баталов бюджет қаражатын игермейтін және мерзімді бұзатын шенеуніктердің барлығына қатаң сөгіс жариялады.

Ол сондай-ақ өз міндеттерін орындай алмайтын мердігерлерді жауапкершілікке тарту қажеттілігін атап өтті.

Көлік кептелісіне мектеп оқушылары кінәлі екендігі анықталды
Белгілі математик сөзі мен ісі қабыспайтын діндарларды сынға алды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу