«Енді ештеңе жазылмайтын шығар»: Елдос Сметов анасына қатысты хейтке жауап берді
Олимпиада чемпионы Елдос Сметов Gap Podcast youtube-арнасына берген сұхбатында анасына қатысты хейтке жауап берді, - деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
Елдос Сметов жеке өмірдегі қуанышында қалай жүрсе де өз еркінде екенін айтты.
"Әлеуметтік желіге қарап қалсаң, қарның ашып қалады. Өсуімізге өзіміз балта шапқандай боламыз. Өйткені өз қазағың қандай жетістікке жетсе де "жақсының жақсылығын айт нұры тасысын" дегендей, жаманды көріп тұрып оны одан сайын жерге тығамыз. Қайдан келген дүние екенін білмеймін. Тіпті бұл нәрседе қандай атақ-абырой бар екенін де білмедім. Мүлдем түсіне алмадым. Әлеуметтік желіге қарамаймын десем де, әйтеуір бір қарап қоя беремін. Олимпиада чемпионы болдым, "енді ештеңе жазылмайтын шығар" деп ойладым. Менің жүріс-тұрысым, келіншегімнің артта жүруі, жанында анасының жүруі - бәрі сөз болды. Қалай шықсам да бұл - менің қуанышым", - деді ол.