Қазақстандық тағы бір палуан Олимпиадада жеңілді
Қазақстандық балуан Демеу Жадыраев Токио Олимпиадасындағы алғашқы жекпе-жегінде жеңіліп қалды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
Грек-рим күресінің 77 келіге дейінгі спортшылар жарысында Жадыраев 1/8 финалда жапон Шохеи Ябикумен кездесіп, қарсыласынан 3:5 есебімен жеңілді.
Осылайша, қазақстандық үшінші балуан алғашқы кездесуінде жеңіліп отыр. Бұған дейін Мейрамбек Айнағұлов пен Эльмира Сыздықова алғашқы кездесуінде қарсыласына есе жіберіп, жарысты ерте аяқтаған болатын.