Атырауда әйелдің аяғына оқ атқан полицей «Ерлігі үшін» медалімен марапатталған

Oinet.kz 01-04-2019 1447

новый_коллаж30032019654шрол.jpg

Атырауда әуежайда аңдаусызда әйелдің аяғына оқ атып жіберген полицей бұрын «Ерлігі үшін» медалімен марапатталған. Әуежайдағы жайтқа байланысты өткізілген брифингте оқиғаның мән-жайы айтылды. Бұл туралы «Ақ Жайық» басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды. 

ҚР ІІМ көліктегі полиция департаментінің басшысының орынбасары Марат Әлкеновтің сөзінше, әуежайдағы оқиғадан кейін қызметінен босатылған полиция сержанты Мамбетияров органдарда 2007 жылдан бастап жұмыс істеп келеді. «Осы уақыт ішінде ешқандай айыптауға тұрарлық әрекет жасаған емес. Сонымен қатар 2011 жылы 6 адамды құтқарып, «Ерлігі үшін» медалімен марапатталған. Өткен аптада полигонда болып, атудан «үздік» нәтиже көрсетті. Яғни қаруды ұстауды білетін. Оның үстіне қалайша осылай болғаны түсініксіз. Тергеу анықтайды», - дейді Марат Әлкенов. 

Өз сөзінде ол қазіргі уақытта ҚР ҚК 371-бабына (Салғырттық) сәйкес қылмыстық іс қозғалып, қаралып жатқанын айтты. Қазіргі уақытта бұрынғы полиция қызметкері өз үйінде. Оның екі баласы бар. Жұбайының үшінші перзентіне аяғы ауыр. 

ІІМ өкілі зардап шеккен әйелдің халін білу үшін ауруханаға барғанын айтты. Оның құқық қорғаушы мен органдарға шағымы жоқ. 37 жастағы Наталья Дажук ақылы палатаға ауыстырылған. Оның шығынын ведомство өз мойнына алды.

Еске сала кетсек, 29 наурызда Атырау халықаралық әуежайында полиция қызметкері абайсызда әйелдің аяғына оқ атып жіберген еді. Ол қаруды тексермек болған екен. Полицей оқиғадан кейін қызметінен қуылды.

0d79983a0d0343a18d1c26f5c31f5a81.jpg

Жанар Айжановаға не болған?
Белгілі журналист: «Әбдіжаппар «өзбексің бе?» дейтіндерге қожалардың тарихын түсіндіргісі келген еді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу