«Қызыма жақсы көретінімді айтшы»: Науқас волонтердің қолында көз жұмды (видео)

Oinet.kz 18-07-2020 1347

Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында пневмониямен ауырған пациентті медициналық мекемелер қабылдамай, соның салдарынан марқұм ерікті жастардың қолында көз жұмған. Оқиға кезінде және оқиғадан кейін түсірілген видеолар әлеуметтік желілерде қызу талқыланып жатыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталына сілтеме жасаған Oinet.kz сайты

Screenshot_2.jpg

қырғызстандық волонтер София-Айдана және тағы бес жігіт пневмониядан тұншыға бастаған адамға көмектесіп жатқанын байқауға болады. Алайда, ауа жетпеген пациент қайтыс болып кеткен. Оған көмек бере алмаған бойжеткен ұзақ уақыт өзіне келе алмады.

 "Мен науқасты Ақ-Орго қаласынан Бішкекке алып келдім. Оған жол бойы дем жетпей, өзі ауруханаға дейін шыдамай өлетінін айтты. Біз оны ауруханаға алып келгенде бос орынның жоғын айтып қабылдамады. Тіпті ауыр халде келген пациентке оттегімен де дем алуға мүмкіндік бермеді", - деп көз жасына ерік берді София-Айдана. 

Волонтер марқұмның соңғы өтінішін жеткізуді ұмытқан жоқ. Ер адам "қызыма оны жақсы көретінімді айтшы" деген көрінеді. 

Қолын пешке басып, аяғын сындырған: Ақмолада өгей әкенің әрекеті елді шошытты
Жеті атаға дейін қыз алыспаудың сыры неде?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу