Қытайда парақорлықпен қалай күреседі?

Oinet.kz 16-07-2009 2030

commies-kill.jpg

Қытайдың ең ірі мұнай-газ компаниясы – China Petroleum and Chemical Group тобын көп жыл бойы басқарып келген  жоғары лауазымды шешеунік Чэнь Тунхай парақорлыө үшін өлім жазасына кесілді. Бұл біздегі Қазмұнайгаз компаниясын басқарумен бірдей қызмет. Бұл жайлы «Синьхуа» ақпараттық агенттігі мәлімет таратты. Тунхай мырза қызметінен 2007 жылы қоштасты. Бірнеше айдан соң Қытайдың құқық қорғау органдары Тунхайға қатысты қылмыстық іс қозғалғаны белгілі болды.  Көп кешікпей шенеунік тұтқындалды. Қытайдыңмемлекеттік телеарнасы бұл жайында  мынадай ақпарат таратты: Чәнь үлкен мөлшерде пара алып келген. Көңілдесінің көңілін табу үшін бірнеше рет заңбұзушылыққа жол берген. Оның жүріс-тұрысы мен өмір сұруі партиялық тәртіпті өрескел түрде бұзу болып табылады».  Осыдан келіп Тунхай мырза өлім жазасына кесілді. 

Қытайда мемлекеттің қаржысын талан-таражға салып, қарақан басының қамын ойлайтындарды осылай жазалайды. Парақорды кешіру, сөгіс беру,  қызметінен кетірумен шектелу деген атымен жоқ. 

Ресейде қандай киноларды көруге тиым салынады?
Францияда көліктер неліктен өртеледі?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу