Қызылордада 220 отбасыға жаңа пәтердің кілті табысталды

Oinet.kz 02-10-2019 1077

Қызылордада қала күніне орай бірнеше нысан пайдалануға берілді. Олар 320 орынға арналған "Ханшайым ана» балабақшасымен, жалпы саны 220 пәтерді құрайтын сол жағалауындағы жаңа қалада орналасқан 4 көпқабатты тұрғын үй, деп хабарлайды OINET.KZ сайтының тілшісі zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Жаңа нысандардың ашылуына облыс әкімі қатысып, қала тұрғындарын құттықтады.Дәл осы күні пайдалануға берілген жаңа балабақша мемлекеттік жекешелік әріптестік аясында бой көтерген. 3 қабаттан тұратын ғимараттың жалпы ауданы 6640 шаршы метр. Құны 874,6 млн теңге. Заманауи үлгіде салынған балабақша 16 топқа арналған, әр топта 20 баладан тәрбиеленеді. 

«Өскелең ұрпаққа салынған инвестиция -болашағымыздың жарқын болуының кепілі».Бұл мақсатта мемлекеттік-жекеменшік әріптестік бағдарламасы үлкен рөл атқаруда. Қазіргі таңда облыстағы жекеменшік балабақшалардың үлесі 72 пайызды құрайды», - дейді облыс әкімі Қуаныш Ысқақов.

 Сондай-ақ, бүгінде Сырдарияның сол жағалауында 50 пәтерлік 25 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде.

Тарбағатайлық тұрғынның 70 қойын қасқыр жеп қойды
Қазақстанда нумерологтардың бір күндік жалақысы 80 мың теңгеден асады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу