Мыңға жуық ауылда интернет жоқ
16-11-2021
Қазақстанда 5G енгізілгеннен кейін ұялы телефондарға eSIM енгізу мәселесі қарастырылып жатыр. Бұл туралы бүгін Үкімет үйіндегі баспасөз мәслихатында «Қазақтелеком» АҚ басқармасының төрағасы Қуанышбек Есекеев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат-қа сілтеме жасаған Oinet.kz
«ЕSIM бойынша жаңа тұжырымдама бар. Ол чип түріндегі классикалық сим-картаның бағдарламалық деңгейде жасалатындығын білдіреді. Қазіргі уақытта ұялы байланыс операторлары eSIM тұжырымдамасын әзірлеп жатыр», - деді ол.
Осы ретте Қазақтелеком басшысы таяу аралықта бұл бағыттағы алғашқы шешімдердің жария етілетіндігін айтты. «Сол кезде ұялы телефонға сим-картаны чип салмастан бағдарлама түрінде жасауға болады. Бұл нұсқа қазір талқыланып жатыр. Меніңше, 5G қосылғаннан кейін технологиялардың басым бөлігі eSIM негізінде енгізіледі», –деді Қ.Есекеев.