Владимир Путиннен айнымайтын азамат Ресей Президентімен кездескісі келеді

Oinet.kz 24-09-2019 1147

Screenshot_1.jpg

Қырғызстаннан Ресей президенті Путиннен айнымайтын Медетбек Абжапаров есімді тракторшы жігіт пайда болды, деп хабарлайды OINET.KZ тілшісі zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Медетпек Абжапаровтың Ресей президенті Владимир Путинге ұқсастығын бәрі байқайды. 2004 жылы мектеп бітірген соң, Абжапаров Красноярскіге жұмысқа кетті. Оның айтуынша, Путинге ұқсастығын ресейліктер де мойындапты.

«Маған қара жұмысты тастап, мемлекеттік қызметке бар, болмаса Ленин мен Сталиннің двойниктері сияқты Қызыл алаңда жүретін адамсың ғой, дейді. Жергілікті таксистер мені көргенде Путин келді деп, мені кезексіз жібереді» - дейді Медетбек Абжапаров.

image.png

Медетбек Абжапаровты саясат қызықтырмайды, алайда өзінің Ресей басшысымен ұқсастығы жауапкершілікті сезінуге және кез-келген істі соңына дейін жеткізуге міндеттейді дейді. Оның бір арманы – Ресей президентімен кездесу екен.

Түнгі ауысымда жұмыс жасау артық салмақты тудырады
Семейлік тұрғындарға 25-26 қыркүйек күндері су ішуге қатаң түрде тыйым салынды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу