Елорда әкімі айқаймен баспана талап ету этикаға сай еместігін айтты

Oinet.kz 21-09-2019

Screenshot_1.jpg

Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов тұрғындармен кездесуде әкімдікке келіп, айқаймен үй алуға тырысатын адамдардың әрекеттеріне пікір білдірді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Өкінішке орай, дәл қазір, осы жерде болғанын қалайтын адамдар бар. Тікелей, маған баспана бер, әйтпесе көпірден секіремін және т.б. Ережелерге сәйкес бұл дұрыс емес, этикаға жат, заңсыз. Біз шетте қалмаймыз, мүмкіндік болғанша көмектесеміз. Алайда бес күн, он күн айқайлап үй - алу заңсыз", - деді Көлгінов.

Оның мәліметінше, бүгінде әкімдіктегі баспана кезегінде 47 600 адам тұр.

"Олардың құқықтарын қалай бұза аламыз. Егер әкімдікке келіп, "маған баспана бер" деп ұрандатқандарға пәтер берсек, басқаларын қалай ойлаймыз. Бізде адал еңбек етіп жүрген, жылдар бойы кезекте тұрған 47 600 адам бар. Мемлекет олар үшін баспана салуда. Сондықтан, бұл жерде келісіп жұмыс істеу керек деп ойлаймын", - деді әкім.

Қала билігі жыл соңына дейін 1600 пәтерді өткізуді жоспарлап отыр. Олардың 600-і аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға, жалғызбасты аналарға, қалған мың пәтер жұмыс істейтін жастарға.

"Сондай ақ, бұл президенттің тапсырмасы. Шыдамды болу керек. Шумен және айқаймен пәтер аламын деп үміттенуге болмайды", - деп түйіндеді әкім.

​Түркістанда алғаш рет «күзгі марафон» қайырымдылық шарасы өтті
Мүлік салығын төлемегендердің тізімі шықты

Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×