Қозғалтқыш көлемі 3-ке дейінгі автокөліктер салықтан босатылмақ
Қозғалтқыш көлемі 3-ке дейінгі автокөліктер салықтан босатылады, деп хабарлайды Oinet.kz порталы LS-ке сілтеме беріп.
"Қозғалтқышының көлемі 3 мың текше сантиметрге дейінгі автокөліктер үшін салықты алып тастау мен салықты бензин құнына қосу жағы да қарастырылуда. Бұл шара ұлттық табысты әділетті бөлу тетіктерінің бірі болады деп санаймыз", - деді министрлік өкілдері.
Министрлік сонымен қатар сыра мен қыздырылатын темекі өнімдері, никотині бар сұйықтықтар сияқты әлеуметтік зиянды өнімдерге акциздік ставкаларды көтеруді, сондай-ақ қымбат алкоголь мен темекі өнімдеріне салықты көтеруді ұсынады.
Бұған дейін ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев салық жүйесін модернизациялау туралы тапсырма берген болатын. Мемлекет басшысы атап өткендей, ЖІӨ мен халықтың табыстарының өсуіне қарамастан, Қазақстанның қоғамында мүліктік алшақтық күшейіп отыр.