«Кез келген фейк оны таратқан кезде ғана өмір сүреді»: JAQ.OrtCom цифрлық гигиена қағидаларын еске с

Oinet.kz 06-08-2026

Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы шетелдік танымал тұлғалардың бейнесі мен дауысын пайдалану арқылы жасалған дипфейктердің таралуына байланысты ескерту жариялады (https://t.me/JAQortcomkz/244). Мұндай бейнероликтерде Қазақстан туралы жалған мәліметтер таратылып, ақпараттық манипуляция тәсілдері қолданылады.

Орталық қазіргі жасанды интеллект технологиялары шынайыға барынша ұқсас жалған материалдарды жасауға мүмкіндік беретінін еске салды. Осыған байланысты пайдаланушыларға контенттің шығу тегін тексеруге, қажет болған жағдайда бейнематериалдардағы дипфейк белгілерін анықтауға арналған арнайы онлайн-сервистерді пайдалануға, тек ресми ақпарат көздеріне сенуге және тексерілмеген ақпараттың таралуына жол бермеуге кеңес беріледі. Материалдарды бастапқы тексеру үшін контентті жасанды интеллект көмегімен жасалған белгілерге талдауға мүмкіндік беретін арнайы сервистерді де пайдалануға болады.


Партиялар мен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылы жүйелі негізде артып келеді – «Sarap» клубының сара
МВД РК ПРИСОЕДИНИЛОСЬ К РЕАЛИЗАЦИИ РЕСПУБЛИКАНСКОГО ПРОЕКТА "ЧИТАЮЩАЯ НАЦИЯ"
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу