Дос Көшім саяси алаяқ па?

Oinet.kz 26-01-2026 46


 Белгілі журналист Жарылқап Қалыбай саясаткер, уақтысында «Ұлт тағдыры» қозғалысын ұйымдастырушылардың бірі Дос Көшімге қатысты пост жариялап, оны «нағыз саяси алаяқ» деп атады.

2018071906375579.jpg--Достың кім екенін онымен бұрынғы КазПИ, бүгінгі Абай университетінде бірге істеген, марқұм Жасарал Қуанышәлин айтып, жазып кеткен.  Дос Көшім өзінің сайлау бақылаушыларын дайындау деген жобасына әр сайлауда биліктің тендрінен қыруар қаржы “ұтып алады”. Әділетсіз билік бұл тендрді кімге ұтқызуды біледі.

Дос Көшім биліктің президент сайлауын легимитация жасап берген Әміржан Қосановты сайлауға “заңды” қосқан және Парламент сайлауына Айдос Сарымдарды өткізген, “Жаңа Қазақстан” форумын ұйымдастырып Батыс сарапшыларын алдаған “Брюссель капустасының” Әкежан Қажыгелдин, Бергей Рысқалиев секілді ең негізгі астыртын құрылтайшыларының бірі.

Ал сайлаудан - сайлауға дейін Дос Көшім билікпен астыртын келісіп, баспасөз бетінен түспей билікті сынап “оппозиционер” рөлін сомдайтын айлакер саясат сарапшысы, қазақ тілінің қамқоршысы, сөзге шешен ұлтшыл саясаттанушы.

Саясатттан алыс жүрген қарапайым халық Дос Көшімге оңбай алданады. Ол билікке қауіпсіз сындарды айтып 5-7 жыл оппозиционер рөлін ойнайды, ал Тоқаевтың сайлауын заңдастырып беретін шешуші кезеңде лып етіп билік жағына шыға келеді. Оған оппозиционер деп сеніп келген миллиондаған қара халық осы тұста дағдарып, кімге сенерін білмей дал болады. Содан кейін “оппозиционер деп жүрген ұлтшыл белсенділердің барлығы биліктің адамдары, бұлар ұлт мүддесіне сатқын” деген жалған сөз ел ішінде желдей есіп, кеңінен тарайды. Оппозиция атаулының барлығына қарапайым халықтың сенімі жоғалады. Ал билікке керегі - сол, ел сеніміне селкеу түсіріп, үміт отын өшіру,--деп жазған Жарылап Қалыбай.

Дос Көшім бұл постты өзінің фейсбуктегі парақшасында «Бұл да бір жеке пікір..» деген жазбамен бөлісті.

Бұдан кейінгі ол «Қосаев сатқын, Көшім сатқын, Азаттық сатқын, жалғастырыңыз...» деп жазған (Қосаев деп Әміржан Қосановты айтып отырған болуы мүмкін).

Пікір жазушылардың бір бөлігі Дос Көшімді адал азамат десе, енді бірқатары оның сайлауға Қосановты әкеліп қосқаны дұрыс болмағанын атап өткен.

Айта кетері, 2019 жылы өткен Президент сайлауында Дос Көшім жетекшілік ететін «Ұлт тағдыры» қозғалысы додаға Әміржан Қосановтың кандидатурасын ұсынған болатын. Ресми мәлімет бойынша Қосанов осы сайлауда 16 пайыз дауыс алып, Тоқаевтан (70 пайыз) кейінгі екінші орын алды.


Қазақстанда мерзімді қызметтегі тағы бір сарбаз қаза тапты
Ирандағы толқуда 30 мың адам қаза тапқан
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу