Президент Қызылорда облысының әкімін мақтады
Қызылордада өткен Ұлттық құрылтайдың V отырысында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев нда Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаевты жоғары бағалады - деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

"Қазір Қызылорда облысында, әсіресе, әлеуметтік салада жақсы жаңалық көп. Үш жылда осы аймақта 34 білім беру, 45 мәдениет және спорт нысаны салынды. Бұған қоса, 40 медицина нысаны ашылды. Менің тапсырмаммен Қызылордада 300 орынға арналған көп бейінді аурухананың құрылысы басталды. Көп ұзамай 500 орындық емхана және 200 орындық перзентхана салынады. Бір сөзбен айтқанда, Қызылорда облысы барлық салада қарқынды дамып келеді. Облыстың жағдайы жалпы жақсы деп күмәнсіз айтуға болады. Бұл - әкім Нұрлыбек Нәлібаевтың белсенді, табанды жұмысының нәтижесі", - деді Тоқаев.


