Қоғаммен кері байланыс – дамудың кепілі!

Oinet.kz 12-12-2025 20

Screenshot_2.jpg

Келес аудандық мәслихатының “Ауыл” партиясының атынан сайланған депутаты Қожагулов Маханбет Үмбетұлы Ошақты ауылдық округінің әкімі Мақсат Мырзамуратовпен бірге Қаратал және Атақоныс елдімекендерінің тұрғындарымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында ауылдың өзекті мәселелері – газ тарту, ауыз су, электр желілері, жолдардың жағдайы және басқа да әлеуметтік мәселелер талқыланды. Тұрғындардың талап-тілектері мен ұсыныстары мұқият тыңдалып, депутат пен әкімнің жеке бақылауына алынды.

Бұл — халықпен тұрақты байланыста болудың, ел ішіндегі түйткілдерді бірлесе шешудің нақты қадамы.

Алдағы уақытта осындай кездесу Жиделі ауылында жалғасатын болады.

Халық үніне құлақ асатын мемлекет қағидатын жүзеге асыру жолында жүйелі жұмыстар жалғасады!

Жастармен кездесу өтті
Дені сау ұлт – мықты мемлекет
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу