Жаңаөзенде ойнап жүрген баланың қатты құлаған сәті видеоға түсіп қалды (ВИДЕО)
Жаңаөзенде балалар алаңында ойнап жүрген бүлдіршіннің қатты құлап түскен сәті видеоға түсіп қалған, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Lada.kz-ке сілтеме жасап.
Ақпаратқа сәйкес, оқиға Жаңаөзен қаласында 4-ықшам аудандағы №18 және 19 үйлердің арасында болған.
Кадрлардан баланың алаңында ойнап жүріп, биіктіктен құлап кеткенін, кейін орнынан тұра алмай жатқанын көруге болады. Куәгердің айтуынша, оқиға 8 сәуір күні болған.
Аудан тұрғындары оқиғаға балалар алаңындағы қауіпсіздік мәселеселерінің қарастырылмағаны екенін айтады. Ата-аналар жергілікті билікті ойын алаңының қауіпсіздігіне назар аударуға шақырды.
Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, қазір бала ауруханадан шығарылып, үйіне жіберілген.