«Сыныпта түнеп, спортзалда тамақтанып, жартылай қираған ғимаратта өмір сүруге мәжбүр»: Динара Закиев
Балалар сыныптарда түнеп, спортзалында тамақтанып, жартылай қираған ғимаратта өмір сүруге мәжбүр, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Kopsoz.kz-ке сілтеме жасап.
Дәл осындай көріністі Қазақстандағы бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева Алматы облысындағы И. Нүсіпбаев атындағы мектеп-интернатқа барған кезде байқаған.
Үш жыл бұрын бұл интернатта күрделі жөндеу басталған, алайда мердігер жұмысты аяқтамай кеткен. Нәтижесінде 6 жастан асқан 170 тәрбиеленуші қабырғалары құлаған, дұрыс ұйықтайтын орын мен тамақтануға жағдай жоқ, санитарлық нормалар мүлде сақталмайтын адам төзгісіз жағдайдағы ғимаратта қалды.
Омбудсменнің араласуынан кейін билік балаларды жуырда жөндеуден өткен басқа интернатқа көшіру туралы шешім қабылдады.