Астанадан Павлодарға жолға шығып жоғалып кеткен отбасы табылды
Астанадан Павлодарға кетіп, жоғалып кеткен отбасы табылды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
Бұл туралы Павлодардың еріктілері хабарлады.
Еске сала кетейік, 71 жастағы Бейбіткүл Мұхамеджанова мен оның екі баласы – 44 жастағы Бауыржан Смағұл және 39 жастағы Әлия Мұхамеджанова із-түзсіз жоғалып кеткен еді, оларды полиция мен еріктілер іздестіріп жатыр.
Олар 2025 жылдың 10 ақпанында Астанадан Павлодарға жолға шыққан. Алайда сол уақыттан бері еш хабар бермей, байланысқа шықпаған.
Абырой болғанда, VITA іздеу ұйымының еріктілері Павлодар қаласының Орталық полиция бөлімі қызметкерлерімен бірлесіп, іздеу жұмыстарын жүргізу барысында оларды тапты.
Болжам бойынша, астаналықтар қаланың бір жалдамалы пәтерінде болған. Еріктілер іздеу хабарландыруларын тарату және жалдамалы пәтерлерді тексеру арқылы отбасының орналасқан жерін анықтаған.