Алматыда алдағы күндері бірнеше көшеде көлік қозғалысы шектеледі

Oinet.kz 29-01-2025 28

Алматы полиция департаменті қаладағы көлік қозғалысына байланысты қала тұрғындарына ескерту жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ведомство 2025 жылғы 30-31 қаңтарда өтетін халықаралық шара кезінде көлік қозғалысына ішінара шектеулер қойылатыны туралы хабарлады.

Келесі учаскелер бойынша көлік қозғалысына түзетулер енгізілуі мүмкін:

  • Майлин көшесі;

  • Құлжа тасжолы;

  • Бұқтырма көшесі;

  • ШААЖ;

  • әл-Фараби даңғылы;

  • Сейфуллин даңғылы;

  • Достық даңғылы;

  • Жароков көшесі.

"Алматы полициясы азаматтарды уақытша шараларға түсіністікпен қарауға және кептелістерді болдырмау үшін бағыттарын алдын ала реттеуге шақырады", - делінген хабарламада.

Картада жоқ мекен: Алматы облысындағы бір ауданның тұрғындары еш жерде есепке алынбаған
Алматыда экс-полицей мұнараға шығып наразылық білдірді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу