Алматыда ұсталған блогерлерге қандай жаза төніп тұр?
Алматыда бопсалау күдігімен ұсталған екі блогер 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Алматы прокуратурасының Tengrinews.kz-ке берген ресми жауабында қазір қалалық полиция департаменті ҚР ҚК 194-бабы, 4-бөлігі, 2-тармағы бойынша соталды тергеу жүргізіп жатқаны айтылған.
Айта кетейік, бұл баптың санкциясы бойынша мүлкі тәркіленіп, 7 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделеді.
Ұсталған блогерлер туралы не белгілі?
Еске салайық, бұған дейін Алматыда ұсталған блогерлер Дамир Көшеев пен Руслан Кәрімов екені белгілі болды.
Дамир Көшеев пандемия кезінде Instagram-дағы блогын бастаған, ол өзін саяхатшы ретінде көрсеткен. Кейінгі бір-екі жылда Көшеев Instagram парақшасында шенеуніктер, полиция және прокурорлар туралы видеолар жариялап жүрді. Ол жуырда Алматыда қауіпсіздігі ең төменгі режимдегі колония мен бостандықта жүрген сотталушыны сынап, видео жариялады.
Бұған дейін Дамир Көшеев парақшасында Алматы полицейлерінің "айыппұл салу жұмыстарын күшейту" туралы ақпаратты рация арқылы бір-біріне таратып жатқаны жазылған видео жариялады. Кейінірек БАҚ Көшеевті Алматы прокуратурасының ғимаратында қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 15 тәулікке қамауға алғанын жазды.
Блогер Руслан Кәрімов Алматыда бөтелкедегі су қалай өндірілетіні туралы видеоларынан кейін таныла бастады. Сондай-ақ ол кішкентай мүгедектігі бар ұлы судан уланғанын жиі айтып жүрді.
Алматы полициясы блогерлерді 23 қаңтарда ұстады. Олар ақша бопсалады деген күдікке ілінді.