"Ұзақ өмір тілей алмаймын": Әсел Асқар шетінеп кеткен сәбиін есіне алды
Танымал актриса, блогер Әсел Асқар шетінеп кеткен сәбиін есіне алып, көпшілікті жылатты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://www.instagram.com/assel.askar/
Желі жұлдызы осыдан үш жыл бұрын дүниеге сәби алып келген еді. Алайда алты айдан кейін баласы шетінеп кетті.
“Ай, балам-ай! Бүгін 3 жасқа толар едің?! Бұзық, күлімсіреп тұратын, жарқын, мейірімді, байсалды едің?! Не дерімді білмеймін. Бірақ сен ең сүйікті әрі есімізде мәңгі қалдың?! Анасының жүрегі. Балам, туған күнің құтты болсын! Мен саған ұзақ ғұмыр мен денсаулық тілей алмаймын. Бірақ анаң өзіңді қалай жақсы көретініңді білесің. Менің қамқор періштем! Осы жазбаны түсірілім алаңында жазып отырмын. Көз жасымды әрең ұстаймын. Жұмыс біткеннен кейін жылап аламын. Адамдар, бар бақытты бағалаңыз! Өмір сүріп жатқан әрбір бақытты сәттен ләззат алып, шүкіршілік етіңіз”, – деп жазды актриса.Айта кетейік, өнер иесі ұлының емі жоқ дерттен көз жұмғанын айтқан еді.
“Балаңның ауруын өзіңе ала алмағаннан оған көмектесе алмағаннан артық қорқыныш жоқ шығар. Екі апта бұрын біз жансақтау бөліміне түстік. Мұндай диагноз қойылатыны үш ұйықтасам түсіме кірмепті. Ұлымда туа біткен жүрек жеткіліксіздігі бар болып шықты”, – деп жазған еді ол.