«Тапаншаны күшпен оқтап атты»: Қаза тапқан сарбаздың әкесі сұмдық аудио-дәлел жариялады (ВИДЕО)

Oinet.kz 11-09-2024 1285

Маңғыстау облысындағы Оймаша полигонында командирдің қолынан қаза тапқан 19 жастағы сарбаздың әкесі Ербол Бақұлов тағы да тың мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Qazaq.today сайтына сілтеме жасап.

Screenshot_13.jpg

«Ұлымның өліміне байланысты сот отырысы Бишімбаевты соттағандай ашық өткенін қалаймын. Кеше баламның армиядағы жолдастарымен сөйлестім. Олар ұлымды атып тастаған уақытта полигондағы палаткада бірге болған, трагедияның куәгерлері. Мен сұраған кезде көздерін тайдырып әкетеді, адамның көзі ешқашан алдамайды. Олар бала ғой, қорқытып тастаған. Бәрі бір әңгімені айтады», -деді әскерде қаза тапқан сарбаздың әкесі. 

Әділдік іздеген әке ұлының суретін де жариялады. Марқұмның әкесі қолында бір сарбаздың ғана басқаша сөйлеген аудиосы барын айтты. Ал қалған әскерлерді қорқытып тастаған. Оның сөзінше, командир тапаншаны қасақана оқтаған.

«Бірінші рет көздегенде жай ғана «тық» еткен дауыс шыққан, сосын қайтадан күшпен оқтап, Маратты көздеген, сол сәтте оқтың дауысы шыққан. Ол кезде Марат Дамилмен сөйлесіп тұрған еді», — деді марқұмның әкесі Ербол Бақұлов.  

«Медалімді ломбардқа өткізгім келді»: Назым Қызайбай
«Алдымен кінәсі дәлелденсін»: Мәжілісмен бала зорлады деп айыпталған Amanat-тың мүшесін ақтамақ па?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу