«Медалімді ломбардқа өткізгім келді»: Назым Қызайбай

Oinet.kz 11-09-2024 582

Жазғы олимпиада ойындарының жүлдегері Назым Қызайбай "Әйгерім Сейфолламен сырласуда" телебағдарламасына берген сұхбатында ең алғаш жүлде алған кезін еске алды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі. 

Screenshot_12.jpg

Ол алғашқы медалін сатып жібергісі келгенін жеткізді.

"Алғашқы медалімді Қазақстан чемпионатында Ермахан Ибрагимов таққан болатын. Сол кезде Ермахан ағамен суретке түсіп, ең бірінші жеңісім осындай. Бізге медаль табысталатын уақытта оны алтын деп береді ғой, не дегенімен, бірінші орын. Мен оны тағып алып, алтын деп ойлап тұрмын, негізі шынымен алтын екенін ол кезде білмедім. Содан "мынаны ломбардқа өткізіп, ақшасын үйге берсем" деген ой келді. Көмектескім келді. Медальдің құны алтындай болды. Сол кезде көзге көріндім. Сөйтіп, уақытымнан бұрын әйелдер арасында жұдырықтаса бастадым. Кейінірек бір жиынға бас бапкер мені басқа қыздар келмей қалғандықтан олардың орнына шақырды. Ол кезде өзімді көрсету үшін жүгіретінмін. 2010 жылы Қазақстан бойынша әйелдер арасындағы чемпион болдым, содан кейін құрама қатарына қосылдым", - деді ол.

Что такое Mac Pro?
«Тапаншаны күшпен оқтап атты»: Қаза тапқан сарбаздың әкесі сұмдық аудио-дәлел жариялады (ВИДЕО)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу