«Екі жақтың келісімімен»: Ақтөбеде 7-сынып оқушысы зорланып, жүкті болғаны туралы ақпарат тарады

Oinet.kz 11-09-2024 728

Ақтөбеде 7-сынып оқушысын зорлау туралы фактіні полиция растамай отыр, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Aktobe Times порталына сілтеме жасап. 

Screenshot_8.jpg

Қала жұрты Ақтөбе мектептерінің бірінде 7-сынып оқушысының зорланғаны туралы ақпарат тарата бастады. Полиция департаментінің баспасөз қызметі қыздың жүкті болғанын ғана растады.

Бұл ретте полицейлер қыздың зорланбағанын, барлығы екі жақтың келісімімен болғанын алға тартады. Баспасөз қызметі 7-сынып оқушысының жігітінің жасын айтпай отыр.

"Зорлау фактісі расталған жоқ. Барлығы екі жақтың келісімімен болды. Қыз жүкті болып қалды. Қалай болғанда да қылмыстық іс қозғадық. Қалғанын әзірге қоса алмаймын", – деді полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

«Назарбаев емес»: Белгілі айтыскер Әнұранның қосалқы авторы кім екенін айтты
Адидас Самба — истинная легенда в вашем гардеробе
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу