«Дұрыс отыра алмай жүр»: Солтүстік Қазақстан облысында екі оқушы қыз зорланды
Павлодар облысында екі жасөспірім қыз зорланды. Зардап шеккендер ауруханаға жатқызылып, зорлық жасаған күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Tengrinews сайтына сілтеме жасап.
Павлодар облысы бойынша Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Сәуле Шәкенева кәмелетке толмағандарды зорлаудың екі оқиғасы туралы мәлімдеді. Ол зардап шеккен 15 және 17 жастағы оқушы қыздармен кездесті. Омбудсменнің айтуынша, қыздар өздеріне жасалған зорлық-зомбылықты мойындауға батылы жетпеген.
"Қыздардың ішкі жан дүниесінде, жүрегінде не болып жатқаны белгісіз. Олар қандай азапты бастан өткеріп жатыр? Физикалық азап туралы айтпаймын… Дегенмен, қыздардың бірі қанша күннен бері дұрыс отыра алмай жүргенін айтты. Кеше көз жасына тұншығып, ауырғанын айтып жылап жатқан қыздың дірілдеген қолынан ұстадым. Осылайша қызға, бұл жағдайға ол кінәлі емес екенін жеткіздім. Бұл әрекетті оған отбасындағы адам жасаған", – деді Шәкенева.
Екі жағдай да бір ауылда, бір отбасында болған.
"Бұл қыздарды сол адам зорлаған. 17 жастағы жәбірленушінің үлкен ағасы, 15 жастағы жәбірленушінің анасының бірге тұратын адамы, яғни "өгей әкесі". Заңды түрде және қан жағынан олар екі түрлі отбасы. Бірақ олар өздерін туыс санайды. Зорлаған күдікті ер адамның жақын досы. Тіпті олардың үйінде түнепті”, – деді омбудсмен.
Оның айтуынша, ер адам 29-30 жаста.
"Күдікті қамауға алынды. Тергеу жүріп жатыр. Қыздар ауырғанына шағымданған. Сондықтан олар ауруханаға жатқызылды. Олар мұқият тексерілу керек және олармен мектептің педагогикалық психологы емес, тиісті мамандығы бар клиникалық психолог жұмыс істейді", – деді Шәкенева.
Ультрадыбыстық зерттеу нәтижесі кәмелетке толмаған екі қыздың жүкті емес екенін көрсетті. Балалар омбудсмені Instagram желісіндегі парақшасында балалардан өздеріне жасалған сексуалдық зорлық-зомбылық жағдайлары туралы хаарлауды сұрады.