Шымкентте ер адам үш айлық қызын теуіп, жансақтау бөліміне түсірді
Шымкентте тұрғын әйелі мен үш айлық қызын аяусыз ұрып-соққан. Ол сәбиді теуіп, жансақтау бөліміне түсірген, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.
Оқиға туралы желілерде заңгер, ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Айгүл Орынбек хбарлады. Айтуынша ол зардап шеккен әйелді ауруханаға жатқызуға көмектескен.
Адвокаттың айтуынша, жанжал кезінде 53 жастағы ер адам жұбайын ұрып-соғып, оны пышақпен қорқытқан. Кейін үш айлық қызын тепкен. Сәби ауруханаға жансақтау бөліміне түскен. Деректерге сүйенсек оның миына қан кеткен.
Шымкент полиция департаментінің баспасөз қызметі болған оқиғаны растады. Қазір жағдайға байланысты қылмыстық іс қозғалған.
"Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауға алынды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тергеу шаралары жүргізілуде", - деді ведомство.