Елдос Сметов Олимпиада алтынынан кейін карьерасына қатысты күтпеген мәлімдеме жасады

Oinet.kz 01-08-2024 636

Олимпиада чемпионы Елдос Сметов 2024 жылғы Париж ойындары - карьерасындағы соңғы Олимпиада екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Vesti.kz сілтеме жасап.

Screenshot_2.jpg

60 келіде өнер көрсететін 31 жастағы балуан 2016 жылы Риода күміс, 2020 жылы Токиода қола және Парижде алтын алып, жүлделер топтамасын толық жинады.

"Егер жауапкершілікті ойлай берсең, ештеңе өзгермейді, адам қажып кетеді, сондықтан мен тек жарысты ойладым. Бұл менің соңғы Олимпиадам екенін білдім. Менің карьерам аяқталуға жақын екенін де ойладым. Сондықтан барымды салдым. Ата-анама, отбасым мен балаларыма уәде берген едім, жеңіспен ораламын деп. Олардың сенімі мен қоладауы мені ынталандырды. Бес балам бар, менің қымбат бөлшегім, ата-анам, аға-іні мен әпке-қарындастарым. Бұл жеңісті мен бүкіл қазақ елі мен жақындарыма арнаймын", - дейді Елдос Сметов.

Кеше Парижде өтіп жатқан ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының чемпионы атанған қазақ дзюдошысы Елдос Сметов жанкүйеріне теледидар сыйлаған еді.

«Директордың сұлулық стандарттарына сәйкес келмейміз»: Алматыдағы жұмыстан шыққан театр қызметкерлер
Почему игроки выбирают игру Пин Ап 634 Авиатор
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу