Шымкентте қыз алып қашқан жігіт 4 жылға сотталды

Oinet.kz 17-04-2024 824

Маңғыстау облысының тұрғыны адам ұрлағаны үшін сотталды. Оған 4 жылға шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Screenshot_4.jpg

Жаңаөзен қаласының тұрғыны Г. есімді азамат  Instagram арқылы Шымкент қаласының тұрғынымен танысқан. Көп ұзамай Шымкентке келіп, үйлену мақсатында қызды Байтұрсынов көшесінің бойынан алып қашып, Маңғыстау облысы бағытына шыққан.

Жігітке қатысты қылмыстық кодекстің 125-бабы 1-бөлігі (адам ұрлау) бойынша іс қозғалды.

Сотталушының кінәсі жәбірленушінің айғақтарымен, оқиға болған жерде түсірілген видеоны тексеру актісімен, сотталушының өз кінәсін мойындауымен және қылмыстық істің басқа да материалдарымен дәлелденді.

Аталған азаматқа қылмыстық кодекстің 63-бабы қолданылып, 4 жылға шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. 

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Айта кетейік, 15 наурызда Атырауда өткен үшінші ұлттық құрылтайда Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде қыз алып қашуды ұлттық дәстүр санап, ел ішінде дәріптегісі келетіндерді сынаған еді.

28 жастағы әйел көп су ішемін деп көз жұмды
ҚМДБ Нүкенова мен Бишімбаевтың некесіне қатысты мәлімдеме жасады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу