«Ұлылар отаны атанған» Отырардың бүгінгі ұрпақтары, «ұлылықтың мәнін» білер ме екен?

Oinet.kz 09-02-2024 324

Президентіміз Қасым-Жомарт  Кемелұлы  2024 жылғы Егемен Қазақстан газетіне берген сұхбатында: «Экономиканы әртараптандыру және монополиядан арылту, инфрақұрылымды жаңғырту» бойынша баса назар аударылып келе жатқанын айтқан болатын.  Осы мақсатта Отырар ауданы өңіріне атбасын бұрған едім.  

30516022_570737103301398_5443123938118860800_n.jpg

Бұл өңірден көргеніміз:  жазықсыз жанға салынған айыппұлдар, заңсыз екі тараптың арыз беруінсіз құжатта ажырасу статусы берілуі, мұрағаттан іздеуге ерінетін АХАТ бөлімінің басшысы алдыңыздан шығады. 

Таң атқаннан өз жұмыстарын күйттейтін, халықты адам санатына кіргізе бермейтін басшылық. Қайсысына  барып қалсаңыз жиналыстан босамайтын, сыртқа шығып кетсе де «жиналыста» деген желеулері бітпейтін, халыққа қызмет көрсету орталығында өз ісіне немқұрайлы қарап, азаматтарды уақытылы қабылдай алмайтын, жер қатынастары бойынша басшылардың бірдей, біреуі демалыста болса,  енді бірі уақытша еңбекке жарамсыз қағазын алып  кететін сынды жағдайлардан көз ашпайтын Отырар ауданы  тұрғындары мезі болғанына  көз жеткізіп отырмыз. 

Ауыз суға зәру  ауылдар бар. Антисанитарлық жерден ауыз суын тасып ішетін Балтакөл ауылдық округі тұрғындарының айыбы не еді? 

Сырдариядан ары қарай Балтакөлге дейін жөні түзу жол тапқан болсаңыз онда сізді бақытты адам деп санар едім, өкінішке орай кезікпейтіні анық. 

Интернеттің жырынан бөлек, ұялы телефонмен  дұрыс  байланысқа шығу бір мәртебе. Beeline арқылы байланыс жақсы дейді, орталықтан сәл ассаңыз онымен де қоштаса бастайсыз. 

Шаруалар ағын су тапшылығынан көз ашпаған, шешімін табамыз деуден шаршамаған басшылық бар.  

Кешегі депутаттармен бірге каналдарды аралау барысында да дұрыс деп саналатын жолдардың біраз шаршағанына көз жеткіздік. Бұны бөлек санағанда, әкімнің күнде өтетін көшесі  Д. Алтынбеков және Әжібеков көшелері ең тәуір деп саналатын көшелер қатарында. Оның өзі көңіл көншітпейді. Басты көше Жібек жолы аталатын Есен ана мешітінің тұсындағы автотұрақ маңы ойдым-ойдым болып мен мұндалап тұр. 

Жарықтың шамадан тыс сөнуі жарық станциясына хабарлассаңыз, «қазір жанады» дегеннен басқа ешнәрсе айта алмайды. 

Ауданымыздың тазалағын да ауыз толтырып айта алмаймыз. Ал, бұрынғы Ызакөл қазіргі Сырдария ауылының тас жолы қайда кеткен?

  3 км жолға  400 тг алатын облыстық таксистер тек Отырар ауданында кездеседі. Сол үшін өз күндерін әрең күнелтіп жүрген халық үшін тарнспорт бұл ауданға ауадай қажет.

  Аудандағы кез-келген қызметкермен ауыл тұрғыны ретінде сөйлессеңіз мәдениеттен көш қалғанына көзіңіз жетеді. Қаншама өңірде болдым, орындықта отырған бірде - бір  қызметкер «сен» деп жауап берген емес еді. Халқымыз сыпайы еді, «сіз» бен «бізден» ажырап, тұрпайылыққа бет бұрыпты. 

Жылдағы шіркей мәселесі өз шешімін тапқан емес. Шаралар жасап жатқан сияқты көрінеді алайда, сәл күн жыли бастағаннан шіркейлер «сәлем» деп бетіңізден сүйіп өтеді. «Сәлем бергіш» шіркейдің салдарынан қаншама адам аурухана жағалап жүр. 

«Бірлікті» ғана қалайтын ардагерлер төрағасы мен халықтың сауаттылығын арттыру үшін ешқандай шара жасағысы келмейтін, не істеп жатқандарына жауап бере алмайтын депутаттар да бар. Бастары ешқашан жиналмайтын, сессия өткізбейтін, жұмыстарына бардым- келдім, көрдім  деп бітетін, журналистен сырт айналатын, айқайлап тұрған келеңсіздіктерін жасыратын,  тек жұмыс жасайтын кісілер екен. Ол орындап отырған жұмыстары не екені сізге де бізге де беймәлім. Бұл бүгінгі Отырардың тыныс-тіршілігі. 

Ұлылардан қалған ұлылықты сақтайтын да, елдің алғысын күштеп емес, шынайы көңілінен  алуымыз тек «біз» бен «сіздің» қолымызда. 

Жадыра Мұсабай 

журналист

«Арызданды, бірақ өтініші бей-жай қалды» - Алматыдағы лай көшкінінен қаза тапқан ер адамның әкесі
Қазақстан жиын өткізуге арналған. Как выбрать камеру для стриминга и вебинаров?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу