«Жастар жылын» түркістандықтар тың серпіліспен бастады
Бүгін Елбасы Жастар жылын жария етті. Айтулы оқиғаны Түркістан облысының жастары тікелей эфирден тамашалады. Өңір өрендері айтулы жыл ауқымын да қолға алынатын жаңа жобаларды жалындата атқаруға дайын отыр. Бүгінде Түркістан облысында жастардың саны 501 мыңнан асады. Оның ішінде қала жастары – 86 416 (17,3%), ауыл жастары – 414 953 (82,7%).
Өңірімізде 2 жоғары оқу орындары және 66 орта арнаулы оқу орындарыда – 57 672 студент білім алуда.
Оқу орындарында жалпы 45 жатақханада 8553 студент орналасқан. Бұл жалпы студенттердің 15 пайыз үлесін құрайды.
«Серпін-2050» бағдарламасы аясында – 9 313 жас қамтылды. Бұл республика бойынша білім алып жатқан жастардың 50 пайыздан астамын құрайды. Ал 2018 жылы «Серпін – 2050» бағдарламасы аясында 440 жас оқуын бітірді. Оның ішінде 63,3 пайызы тұрақты жұмысқа орналасты.
«Жасыл ел» бағдарламасы бойынша жыл сайын 1275 жас жұмыспен қамтылуда.
«Дипломмен ауылға» жобасы аясында 913 жас маман жұмысқа орналасып, 314 маман баспаналы болды.
Елбасы Жарлығына сәйкес жастарға әлеуметтік қолдау масқатында биылғы жылы аудан, қалалардағы 500-ден астам жұмыссыз азаматтарды Түркістан қаласында салынып жатқан құрылыс жұмыстарына тарту үшін «Түркістан жастар құрылыс жасағы» құрылып, мердігер компанияларымен келіссөздер жүргізілуде.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес өңірлік «Жас Сарбаз» әскери-патриоттық жастар қозғалысы құрылды.
Айта кетейік, Жастар жылына орай 2019 жылдың наурыз айынан бастап жыл соңына дейін «Аудан жастарының Түркістанға тартуы» атты апталығы ұйымдастырылып, 1000-нан астам мәдени-спорттық іс-шаралар ұйымдастырылмақ.
Сонымен қатар, биыл «Түркі жастарының конгресі» және «Орта Азия жастарының форумы» халықаралық іс-шаралары өткізілуі жоспарлануда.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі