«Cүйіктісімен ұстап алған»: Анасы өлтірген 7 жасар қыздың ісіне қатысты жантүршігерлік деректер айты

Oinet.kz 21-11-2023 2950

Павлодар облысында жеті жасар қыз қаза тапқаннан кейін бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева бұл кәмелетке толмаған адамның өлімі тіркеліп отырған жиырма бесінші іс екенін айтты, - деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.

Screenshot_3.jpg

Динара Закиеваның айтуынша, Милананың анасы кісі өлтіргенін мойындаған. 17 қарашада әйелдің өзі полицияға қызы жоғалып кеткені туралы арыз беріпті. Ол қыз үйден қашып кеткенін және бұл бірінші рет емес екенін айтқан. Бұл кезде қыздың әкесі үйден 15 шақырым жерде жұмыста болған.

Баланы іздеуге құтқарушылар, еріктілер қатысты.

"Барлығы осы іске жұмылды. Жалпы саны 400-ден аса адам, 100 техника болды", - деді Павлодар облысы ТЖД бастығының орынбасары Олег Трещев.

"Ерікті ретінде қыз іздеуге қатыстым. Даладан іздедік, құдықтарды, қараусыз қалған ғимараттарды, су қоймаларын қарадық. Мұны туған анасы істегенін ешкім елестете алмады", - дейді қала тұрғыны Валентина Леонова.

Телеарна мәліметінше, жеті жасар Милана анасын сүйіктісімен ұстап алған, ал әйел қызын ұрған. Соққыдан бала ажал құшқан. Алайда бұл ақпарат ресми түрде расталмады. 

Миланадан басқа отбасында тағы екі кәмелетке толмаған бар. Қазір оларды өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларды қолдау орталығына алып кетті. Бұл отбасы арнайы есепте тұрады: әйел ішімдікке тәуелді болған. 

Еске салайық, бұған дейін Павлодар облысында жоғалған жеті жасар қыз өлі табылғаны хабарланды.

«Әлі жолдасынан ажырамаған екен»: Полицей дәретханадан жаңа туған сәбиді қалай шығарып алғанын айтты
Тараздық әйел әскердегі ұлын сержанттар «зорламақ болғанын» айтып, көмек сұрады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу