Шымкент әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов екі айға қамауға алынды
Шымкент әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов екі айға қамауға алынды, деп хабарлайы Oinet.kz тілшісі Otyrar.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Исахов жемқорлық жасады деп күдікке ілінді.
"21 шілдеде Шымкент қаласының мамандандырылған тергеу соты Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Исаховқа қатысты екі айға қамауға алу шарасын таңдады", – делінген ақпаратта.
Естеріңізге сала кетейік, 20 шілдеде Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исаховты ұстады.