Әнші Роза Рымбаева шекарадан өте алмады (видео)
Қазақстанның эстрада әншісі, Роза Қуанышқызы Рымбаева әуежайда біреудің төлқұжатымен шетелге кетпекші болғанда ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева ұлының төлқұжатымен елден шығуға тырысқан. Алайда кеден қызметкерлері әншіні Астана әуежайында ұстаған. Қолында ұлының төлқұжаты болғанын әнші аңғармаған.
Өнер иесі Бакуге тойға бара жатқан. Бастапқыда Алматы-Астана бағытына кедергісіз ұшқан. Ары қарай шетелге полиция қызметкерлері жібермеген.
"Мені үйлену тойына шақырды. Енді бұл той менсіз өтеді. Мен Мади ұлымның төлқұжатын алып шығып кетіппін. Асығыс болғандықтан ашып қарағанда жоқпын. Біздің кеденшілер маған: "Апай, біз сізді сағынамыз, бірақ Әзербайжанда сізді сағынбаймыз" деді. Жалпы, үйге қайтуға тура келді", - деді Роза Қуанышқызы.