Полицейлер шетелдік автокөлікті заңдастырып беремін деп, тұрғындарды алдаған алаяқты ұстады
Сайрам аудандық полиция басқармасының кезекші бөліміне жергілікті тұрғын ірі көлемде қаражат беріп, алаяққа алданғаны туралы арызданды. Жәбірленушінің айтуынша, оған белгісіз біреу шетел автокөлігін тіркеп, қазақстандық нөмір алуға көмектесемін деп уәде берген. Осы қызметі үшін алаяқ, аудан тұрғынынан 500 мың теңге алып, көзден ғайып болған.
Аталған жайтты полицейлер бірден ҚР ҚК-нің 190-бабы "Алаяқтық" бойынша СДТБТ-ға тіркелді. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында алаяқтық жасады деген күдікпен, Сайрам ауданының тұрғыны ұсталды.
Тексеру кезінде күдіктінің тағы бір осыған ұқсас алаяқтыққа қатысы бары белгілі болды. Бұл жолы сезікті, жәбірленушіге автокөлігіңізге "әдемі нөмір" рәсімдеп бере аламын деп сендірген. Содан тұрғыннан 300 000 теңге ақша алып, бөтеннің қаражатын өз қажеттілігіне жұмсаған.
Қазіргі уақытта осы деректер бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабымен "Алаяқтық" сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті басқа да қылмыстарға қатыстылығын анықтауда.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі