Камералық бақылаудың заңды сақтауда үлесі мол
ҚР Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Түркістан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті (әрі қарай-Департамент) тарапынан Түркістан облысының қоғамдық денсаулық басқармасының «Жетісай жоғары медицина колледжі» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнымен 2023 жылдың наурыз айында https:/www.goszakup.gov.kz/ веб-порталына бағалы ұсыныныстарға сұраным тәсілімен жарияланған №9332685-1 «Тескіш» мемлекеттік сатып алудың техникалық ерекшеліктерінде әлеуетті өнім берушілерге қойылған талаптарға ақпаратты жинау, қорыту, талдау, жүйелеу және бағалау негізінде осы мемлекеттік сатып алуға камералдық бақылау жұмыстары жүргізілген.
Камералдық бақылау нәтижесі бойынша Түркістан облысының қоғамдық денсаулық басқармасының «Жетісай жоғары медицина колледжі» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнымен ҚР 2015 жылғы 4 желтоқсандағы №434-V «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының (бұдан әрі – Заң) 40 бабы 2 тармағы және талаптары сақталмағаны анықталған.
Жоғарыдағы анықталған бұзушылықтардың негізінде, Түркістан облысының қоғамдық денсаулық басқармасының «Жетісай жоғары медицина колледжі» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңнамаларының талаптарына сәйкестендіру туралы хабарлама жолданып, бүгінгі таңда ұйымдастырушы тарапынан Департаментің жолданған хабарламасы толықтай және тиісті дәрежеде орындалған.
Б.Бегімбетов,
Түркістан облысы облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің жетекші маманы