Камералық бақылау заңсыздыққа жол бермейді
ҚР Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Түркістан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті (әрі қарай-Департамент) тарапынан Түркістан облысы қоғамдық денсаулық басқармасының «Асық ата» Жетісай аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнымен 2023 жылдың ақпан айында https:/www.goszakup.gov.kz/ веб-порталына тікелей шарт тұжырымы бір дерекөздерден тәсілімен жарияланған №59735662 «Әкімшілік/өндірістік жайларды жалдау бойынша қызметтер» мемлекеттік сатып алудың техникалық ерекшеліктерінде әлеуетті өнім берушілерге қойылған талаптарға ақпаратты жинау, қорыту, талдау, жүйелеу және бағалау негізінде осы мемлекеттік сатып алуға камералдық бақылау жұмыстары жүргізілген.
Камералдық бақылау нәтижесі бойынша Түркістан облысы қоғамдық денсаулық басқармасының «Асық ата» Жетісай аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны ҚР 2015 жылғы 4 желтоқсандағы №434-V «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының (бұдан әрі – Заң) 39 бабы 3 тармағы 53-тармақшасының талаптары сақталмағаны анықталған.
Жоғарыдағы анықталған бұзушылықтардың негізінде, Түркістан облысы қоғамдық денсаулық басқармасының «Асық ата» Жетісай аудандық ауруханасы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңнамаларының талаптарына сәйкестендіру туралы хабарлама жолданып, бүгінгі таңда ұйымдастырушы тарапынан Департаментің жолданған хабарламасы толықтай және тиісті дәрежеде орындалған.
А.Панай,
Түркістан облысы облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің жетекші маманы маманы