Камералық бақылау арқылы заңсыздықтар анықталды

Oinet.kz 17-03-2023 252

ҚР Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Түркістан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті (әрі қарай-Департамент) тарапынан «Төлеби ауданының Ленгір қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесімен  2023 жылдың наурыз айында https:/www.goszakup.gov.kz/ веб-порталына тікелей шарт тұжырымы бір дерекөздерден тәсілімен жарияланған №60504569 «Ақпараттық жүйені қостау және техникалық қолдау көрсету бойынша қызмет көрсетулер» мемлекеттік сатып алудың техникалық ерекшеліктерінде әлеуетті өнім берушілерге қойылған талаптарға ақпаратты жинау, қорыту, талдау, жүйелеу және бағалау негізінде осы мемлекеттік сатып алуға камералдық бақылау жұмыстары жүргізілген.

Камералдық бақылау нәтижесі бойынша «Төлеби ауданының Ленгір қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі ҚР 2015 жылғы 4 желтоқсандағы №434-V «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының (бұдан әрі – Заң) 39 бабы 3 тармағы 42-тармақшасының талаптары сақталмағаны анықталған.  

Жоғарыдағы анықталған бұзушылықтардың негізінде, «Төлеби ауданының Ленгір қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңнамаларының талаптарына сәйкестендіру туралы хабарлама жолданып, бүгінгі таңда ұйымдастырушы тарапынан Департаментің жолданған хабарламасы толықтай және тиісті дәрежеде орындалған.

А.Панай,

Түркістан облысы облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің жетекші маманы маманы

Камералық бақылау нәтиже көрсетуде
Камералық бақылау жемісін беруде
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу