Германияның Франкфурт қаласында Шымкенттік түлек Бас консулдықта өткен кездесуге қатысты

Oinet.kz 02-02-2023 237

Screenshot_1.jpg

«Alumni NIS» қағидаттарына айналған OTANYŃDY SUI, ÄLEMDI ÖZGERT, ADAL BOL сөздері Назарбаев Зияткерлік мектептері түлектерінің Франкфурт қаласындағы Қазақстан Республикасының Бас консулдығында өткен кездесуінде айтылды.

Екі жыл бұрын Шымкенттегі физика-математика бағытындағы NIS-ті тәмамдаған Бейбарыс Есенгелдин Франкфуртқа Венгрияның Дьор шаһарынан келді.  Szent Istvan University-нің студенті оқытушыларын жаратылыстану-математикалық бағыттағы академиялық дайындығымен ғана емес, NIS-тің жан-жақты білімі мен маңызды адами қабілеттерге баулитынымен таңқалдырған . 

Германияның әр жерінде тұрып, білім алып жатқан кездесу қатысушылары алғаш рет Франкфурттегі Қазақстан Республикасының Бас консулдығында жиналды. Дипломаттар тарапынан жасалған жайлы әрі отбасылық атмосфера, шынайы диалог пен дәмді дастархан үйлерінен жырақта жүрген балалардың көңілінен шықты.

– Бүгінде Германияда білім алып жатқан әрбір қазақстандық студент – өз елінің өкілетті өкілі, олар Абай, Ахмет Байтұрсынов, Әлихан Бөкейханов, Міржақып Дулатов және қазақтың басқа да біртуар перзенттерінің рухани мұрасын әлемге танытуда, – деп атап өтті Франкфурт қаласындағы Бас консул Тауболды Үмбетбаев.

– Германиядағы кездесу желтоқсан-қаңтар айларында NIS түлектерінің туған жерінде басын қосқан бірінші «SAMGAU» форумының заңды жалғасы, – деді «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының басқарма төрайымы Күләш Шәмшидинова:

– Зияткерлік мектептің әрбір оқушысы, мұғалімі, ата-анасы біздің түлектеріміздің Қазақстанды әлемге лайықты танытып, «Alumni NIS» қағидаларына айналған «отанды сүю», «әлемді өзгерту», «нағыз тұлға» болуды насихаттайтынын мақтан тұтады.

Әйелімен бірге 2 айлық сәбиін ұрған ер адамға қатысты сот үкімі шықты
Алматыда екі автобус соқтығысып, 6 адам зардап шекті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу