«Мұның бәрі телефоннан екен»: Өз-өзіне қол жұмсаған мектеп оқушысының әкесі жазба жариялады
12 қаңтарда Алматы облысы полиция департаменті жетінші сынып оқушысының суийцид жасағанын хабарлады. Марқұм қыздың әкесі өз парақшасына қыздың өз-өзіне қол жұмсау себебін жазып, жазба жариялады, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
«12 қаңтар күні мен 13 жасар қызымды жоғалтып алдым. Әйелім екеуміз үйге келгенде, ол баспалдақта асылып тұрды. Сіздерге айтарым, балаларыңыздың телефонын тексеріңіздер, өтінем… Басқа балалар аман болсыншы… Мұның бәрі телефоннан екен. TikTok-та бір ойын бар екен. Бірнше турдан тұрады. Алдымен тамыры кеседі, кейін асылып қалады.
Менің қызым 12-сі күні өзіне қол салды. Тап сол күні Таразда екі жасөспірім қайтыс болған. Олар артында хат қалдырып, телефоннан бәрін өшіріп тастаған. Менің қызым да бәрін өшіріпті. Қазір прокуратура істі қолға алды. Балаларыңызды жиі тексеріп отырыңыздар, барлық бала аман болсын», — деді қыздың әкесі.