Шымкентте спортшылар жаңа атшабарда жаттығуды бастады

Oinet.kz 20-12-2022 340

Шымкенттегі Бозарық шағынауданынан бой көтерген жаңа ипподромның құрылысы техникалық тұрғыдан аяқталып, қаладағы арнайы ат спорты мектебінің шәкірттері жаттығуларын бастады. Шаһар басшысы Мұрат Әйтенов нысан басына барып, жоба жетекшісі және жас спортшылармен кездесіп, пікірлесті. Атқарылуға тиіс өзге де жұмыстардың барысын көрді.

Screenshot_5.jpg

Мұрат Дүйсенбекұлы ипподром шаһардың ең көрікті жерлерінің біріне айналатынын айта келе, нысан құрылысының халықаралық талапқа сай жүргізілгенін және жаңа атшабар ат спорты және ұлттық спорт түрлерін қаламызда ғана емес, республика деңгейінде дамытуға бірден-бір сеп болатынын жеткізді. 

Жоба жетекшісі Айдын Жәкежанов: «Жобаны аяқтауға бар күш-жігерін салған ұжымыма алғыс айтамын.   Біздің сыйлығымыз тұрғындарға ұнайды деген үміттеміз. Ресми ашылуын наурызда жасауды жоспарладық»-деді. 

Атшабар құрылысында 20 мердігер компания 500-ден астам жұмыс қолы жұмылдырылған.    

Ипподром 1500 көрерменге арналған. Ат аренасы бар манеждерден басқа 53 ат қора, жабық стенд ғимараты, ветеринарлық блок, көмекші бөлмелер, 310 көлікке арналған кең тұрақ қарастырылған. Трибунаның жоғарғы қабатында ашық терраса бар. Жылқылар мен шабандоздардың қауіпсіздігі үшін арнайы амортизациялық қоршаумен қоршалған ұзындығы 2012 метр жарыс жолы салынды. 

Сондай-ақ, көкпар мен атпен секіруге арналған алаңы да бар. Ол алаңдар кварцты құмымен толтырылып, табиғи тастармен, жасыл желекпен ерекшеленетін болады. 

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Вице-министр Д.Кеңбейл Шымкент қаласына жұмыс сапарымен келді
Мемлекет мұқтажына жер учаскелерін қайтару
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу