Шымкентте сыбайлас жемқорлық көбейген
29-03-2023
Шымкентте Қазақстанның Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары қатарына әскерге шақыру науқаны жалғасуда. Бүгінде қаланың 150-ден астам шақырылушылары әскер қатарын толықтырды, олар еліміздің шекарасында қызмет етуге аттанды. Шымкент қаласының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің жинақ пунктінен Талдықорғанның десанттық-шабуылдау бригадасына алғашқы жөнелтілім жіберілді.
Әскери киім киген шақырылушылар жинақ пунктінің фойесіне жиналды. Қалыптасқан дәстүр бойынша балаларды қаланың ардагерлер ұйымдарының өкілдері қарсы алып, табысты қызмет тіледі. Ардагерлер еліміздің заманауи армиясында мерзімді әскери қызметті өтеу үшін барлық қолайлы жағдайлар жасалғанын атап өтіп, бір жылға жағасатын мерзімді қызметтері аяқталғаннан кейін, барлық сарбаздар жоғарғы оқу орындарына тегін түсуге және кәсіби әскери болуға мүмкіндік алатынан да есекеру керек деп тапты.
- Сіздердің өмірлеріңізде маңызды кезең басталады, себебі сіздер армия қатарына кіріп жатсыздар. Өте қысқа мерзімде сіз жарғы бойынша өмір сүруді, белгілі бір әскери мамандықты игеруді, тәртіпті және жауапты болуды үйренуіңіз керек. Қарулы Күштеріміздің дәстүрлеріне адал болыңыздар және қызметтеріңізді абыроймен орындаңыз, - деген тілегін Қарулы күштердің ардагері отставкадағы полковник Реймбай Халмуратов білдірді.
Қарулы Күштер қатарында қызмет ету үшін жіберілген әскерге шақырылушылар қалалық жинақ пунктінде әскери киім алатынын атап өткен жөн. Киім - кешектен басқа, оларға жолда жеке тамақтану рационы беріледі.
Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі