«Ұлыңды шайтан түрткен» деді
10-11-2024
Көзіне елес көрінген. Ақмола облысында 60 жастағы азамат «шайтан» болып елестеген көршісін атып тастады, - деп хабарлады КТК арнасы.
Қосауыз мылтық алып есік алдына шыққан оны тіпті ешкім байқамай қалған. Ал 38 жастағы көршісі жәйбарақат көлігін қыздырып, жұмысына кеткелі жатқан екен. Ойда жоқ жерде оған оқ атылған. Гүрс еткен мылтық даусынан шошып далаға жүгіріп шыққан басқа көршілері жараланған жігітті құтқаруға ұмтылыпты. Оны Ерейментау аудандық ауруханасына жеткізгенімен, марқұм жансақтау бөлімінде көз жұмды. Ал көршісін атып өлтірді деген қария сол сәтте көз алдына жын шайтан елестегенін айтады. Сондықтан ауыр қылмысқа қалай барғанын білмейді. Енді оның ақыл-есінің дұрыстығы тексеріледі.
- Қазір 60 жастағы күдіктіден қару тәркіленіп, тергеу абақтысына қамалды. Аңшы мылтығы заңды тіркеуде болған. Оқиға куәгерлері анықталды. Тиісті сараптамалар тағайындалып, «адам өлтіру» бабына сәйкес сотқа дейінгі тергептексеру жүріп жатыр, - дейді Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнар Пинчук.